- Басты жаңалықтар
- Қоғам
- Мектепте намаз оқыған оқушылар: Оқу-ағарту министрлігі білім ошағына қатысты тексеріс жүргізеді
Мектепте намаз оқыған оқушылар: Оқу-ағарту министрлігі білім ошағына қатысты тексеріс жүргізеді
Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден
Ғаламторда тараған видеоға қатысты Оқу-ағарту министрлігі тексеріс бастады. Бір топ оқушының кабинетте құлшылық жасаған видеосы қоғамда қызу талқыланған болатын, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Атышулы видео әлеуметтік желілерде тарады. Онда оқушыларды сабақ кезінде құлшылық жасап жатқанын көруге болады. Бейнежазбаның әзірге еліміздің қай өңірінде түсірілгені белгісіз. Вдеомство осыған қатысты тексеріс басталғанын мәлімдеді.
Айта кетейік, елімізде заң бойынша оқу орындарында діни құлшылық жасауға тыйым салынған.
Uaqyt.info бұған дейін Шымкент әкімі орынбасарының имамдарға үндеу жасағанын жазған болатын. Онда шенеунік балаларды мешітке шақыратын молдаларға қатысты пікір білдірген еді.