Saturday, 23 November,2024

Мектептегі әлімжеттік: БҚО-да мектеп оқушысы дұрыс амандаспаған қатарласын ұрып өлтірді

Uaqyt.info
Фото

Батыс Қазақстан облысының Щапов ауылында болған жағдай дүйім жұрттың жағасын ұстатты. Мектеп оқушысы дұрыс амадаспағаны үшін 9-шы сыныптың баласын ұрып өлтірген, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Мектептегі әлімжеттік туралы Астана телеарнасы хабарлады. Онда 9-шы сынып оқушысы Дияр Досқалидың көз жұмғаны айтылған. Белгілі болғандай, марқұм ауыр соққының кесірінен көз жұмған. Оны дұрыс амандаспады деген желеумен 10-шы сыныптың оқушысы ұрыпты. БҚО ПД баспасөз хатшысы Лунара Аманғалиеваның айтуынша, оқушының өліміне қатысты 2008 жылы туған ер бала ұсталған.

«Бұл жағдай сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Осы құқық бұзушылықты жасады деген күдік бойынша 2008 жылы туған кәмелетке толмаған Н. ұсталды, осы факті бойынша сараптама тағайындалды, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялануға жатпайды», - деді Лунара Аманғалиева.

Ұсынылатын