Sunday, 8 September,2024

Мектептерде ешқандай діни рәсімдер болмауы керек – министр

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектепте намаз оқыған оұушыларға қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, ғаламторда тараған видео еліміздің қай өңірінде түсірілгені белгісіз, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде тараған видео қоғамда үлкен резонанс туғызды. Онда бір топ оқушының сабақ үстінде намаз оқып жатқанын көруге болады. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мұндай рәсімдер мектеп қабырғасында болмауы керектігін және осыған жол берген мектеп басшылығы жауапқа тартылатынын жеткізді.

“Мектептерде ешқандай діни рәсімдер болмауы керек. Бұл мектептердің ішкі ережелерінде бекітілген. Ол министрліктің бұйрығымен бақыланып отырады. Ал мына жағдайды біз әлі қарап жатырмыз. Нақты қай мектепте, қай өңірде екені белгісіз. Жағдай нақтыланған соң шара қабылданады. Ол жерде №90 мектеп деп айтылған. Дегенмен олай емес. Нақты анықталғанын күту керек. Ол жағдай мектепте болды ма, әлде басқа орында болды ма, алдымен осыны анықтап алайық ”, - деді министр.

Ұсынылатын