- Басты жаңалықтар
- Саясат
- Мемлекет басшысы Малайзияның Жоғарғы билеушісіне құттықтау жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Малайзияның Жоғарғы билеушісіне құттықтау жеделхатын жолдады
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Малайзияның Тәуелсіздік күніне орай Мемлекет басшысы – Малайзияның Жоғарғы билеушісі Сұлтан II Абдулланы құттықтады, деп хабарлайды Uaqyt.info.
“Қазақстан мен Малайзияны түрлі саладағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға бағытталған берік серіктестік қатынастар байланыстырады. Екі елдің мүддесін көздейтін көпжақты іс-әрекеттерімізді нығайту үшін жаңа мүмкіндіктерді бірлесіп пайдалануға дайын екенімді білдіремін”, – деп жазылған жеделхатта.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы билеушінің барлық игі бастамаларына табыс, ал достас Малайзия халқына бақ-береке тіледі.