- Басты жаңалықтар
- Спорт
- Мемлекет басшысы стадионда: Солтүстік Ирландияға қарсы ойнаған ел құрамасын қолдауға келді
Мемлекет басшысы стадионда: Солтүстік Ирландияға қарсы ойнаған ел құрамасын қолдауға келді
Алмас Абылай
Фото
Елордадағы Астана Арена стадионында Қазақстан мен Солтүстік Ирландия футболшылары ойнап жатыр. Еуро-2024 чемпионатының іріктеу кезеңіне таласқан ұлттық құраманы тіпті Президент те қолдауға келген, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Стадионда Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге тұрған кәсіпқой боксшы Генадий Головкинді де көруге болады.
Айта кетейік, елорда төрінде ел футболшылары Солтүстік Ирландияға қарсы ойнауда. Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев алғашқы минуттан Шацкий, Тапалов, Быстров, Марочкин, Әліп, Вороговский, Зайнутдинов, Бейсебеков, Тағыберген, Оразов, Самородовты қосты.
Ал Солтүстік Ирландия құрамасы сапында Пикок-Фаррелл, Баллард, Эванс, Макнейр, Хам, Макканн, Сэвилл, Чарльз, Макменамин, Кеннеди, Вашингтон жасыл алаңға шықты.
Қазірге дейін бес ойыннан кейін тоғыз ұпай жинаған Қазақстан және турнир кестесінде төртінші орында тұр.