Мемлекеттік рәмізді қорлаған басшы жауапқа тартылды
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Елтаңбаны далаға тастаған облыстық сот әкімшілігінің Инфрақұрылымды дамыту бөлімінің басшысы жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша мемлекеттік рәмізді лақтырған адам жауапқа тартылды.
"Жетісу облысының полициясы Талдықорған қаласындағы облыстық сот ғимаратының жанынан тасталған күйінде табылған Елтаңбаның макеті бейнеленген видеоны зерттеді. Жауапты тұлғалардың әрекеті әкімшілік заңнамада көзделген құқық бұзушылық деп танылғанын хабарлаймыз. Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 418-бабының 1-1-бөлігіне сәйкес облыстық сот әкімшілігінің Инфрақұрылымды дамыту бөлімінің басшысы жауапкершілікке тартылды", - деді