- Басты жаңалықтар
- Экономика
- Мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған Тоқтар Төлешовтің меншігінде болған ғимарат мемлекетке берілді
Мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған Тоқтар Төлешовтің меншігінде болған ғимарат мемлекетке берілді
Шымкентте "Фосфоршылар" мәдени орталығының бос тұрған ғимараты мемлекет меншігіне өтті. Бұл туралы Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп жазды Uaqyt.info.
"Шымкент қаласында бірнеше жылдан бері қараусыз бос тұрған "Фосфоршылар" мәдениет үйі бойынша жақсы жаңалығым бар. "Өздеріңіз білетіндей, бұл ғимарат "Дархан групп" серіктестігінің меншігіне жататын еді. Шымкент әкімдігі қалалық прокуратура мен мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментімен бірлесіп, мәдениет үйін қаланың коммуналдық меншігіне қабылдау бойынша алгоритм әзірлеген болатын. 13 қарашада "Фосфоршылар" мәдениет үйін қаланың коммуналдық меншігіне қайтару бойынша келісімге қол жеткізілді", - делінген жазбада.