Friday, 22 November,2024

«Мен басқаға, ол өзгеге үйленетін болған...» Ерке Есмахан 5 жылдан бері Райыммен неге көңіл қоспағанын түсіндірді

Алмас Абылай
Фото instagram.com/erke_esmahan/

Атышулы әнші Ерке Есмахан Райыммен тек 5 жыл өткеннен кейін ғана көңіл қосу себебін түсіндірді. Сөзінше, жұлдызды жұп бұған дейін өзге адаммен қосылмақ болған деп хабарлайды Уақыт.кз.

Әнші бұл туралы өзінің әлеуметтік парақшасындағы сторисінде жазды. Оқырмандардың бірі 2018-ші жылы таныссаңыздар, арада неге өзге адаммен жүрдіңіз деген сұрақ қойған. Бұл сауалға Ерке былай деп жауап жазыпты.

“Сіздер де тек жаман жағын ойлауға дайын тұрасыздар. «Көп сынақтан өтіп, жасқа, басқа қарамай екеуі қосылған” деп неге жақсы жағын ойламайсыздар, өсек қумай? 2018 жылы таныстық, табыстық. Біраз уақыттан соң қоштастық. Уақыт өте қайтып қосылдық, қайта қоштастық. Осылай қайталана берді. “Бірге бола алмаймыз” деп мен басқаға күйеуге шығатын боп, ол басқаға үйленетін болып шештік. Сөйтіп ол ақыры үйленбеді, мен қайтып, өзім қалдым. Қайта кездесіп, сөйлесіп бір-бірімізсіз өмір сүре алмайтынымызды түсінгенде Tik Tok көмекке келді. Ешқандай параллельно деген жоқ. Қысқа нұсқа шындығым осы. Қалған әңгімелерге мен жауап бермеймін», - дейді ол.

Сондай-ақ, әнші алдағы уақытта әдемі жүзік тағып, заңды некелерін қидыратынына да тоқталған.

Ұсынылатын