Saturday, 5 October,2024

"Мен тоқал емеспін". Томирис фильмінің бас кейіпкері Альмира Тұрсын Ақан Сатаевпен көңіл қосқан

Алмас Абылай
Фото ашық ғаламтордан

"Томирис" фильмінің бас кейіпкері, актриса Альмира Тұрсын ерекше жазба жариялады. Тіпті ол Ақан Сатаевтың ажырасып кеткен әйелі Нәзирамен кездескеніне де тоқталған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Актриса Альмира Тұрсын мен белгілі режиссер Ақан Сатаевтың көңіл қосқаны Тelegram-арналардың бірінде тарады. Онда Альмира Тұрсын режиссердің бұрынғы әйелімен кездесіп, көзбе-көз сөйлесіп қайтқанын жазған. Тіпті ортадағы алып-қашпа әңгімеге нүкте қойдық депті.

"Мен олардың ажырасуына себеп болған емеспін. Олардың араларында өз мәселелері бар. Менде күйеуіммен арнайы осы махаббат үшін ажыраспадым. Бізде де түсінісе алмаған ортақ себебіміз бар. Мен тоқал емеспін. Назира екеуміздің арамызда бір-бірімізге деген қарсы пікір жоқ. Екеуіміз кездесіп толық сөйлестік. Дос болып қалатын болдық", - дейді актриса.

Айта кетейік, бұған дейін Ақан Сатаев пен актриса арасындағы байланыс ұзақ талқыланған. Тіпті киноаға түскеннен кейін махаббаттары екеуінің де отбасына кірбің түсіріп, ажырасуларына себеп болды деген де алып-қашпа әңгіме тарап еді.

Ұсынылатын