Sunday, 8 December,2024

"Мен хайуанаттар әлемін жақсы көремін". Мәжіліс депутаты журналистерді қолтырауынға теңеп, кейін кешірім сұрады

Алмас Абылай
Фото facebook.com/NordmanKZ

Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза әлеуметтік парақшасында БАҚ өкілдерін қолтырауынға теңеген жазба қалдырып, артынша оны өшіріп тастаған. Бірақ көп ұзамай ол кешірім сұрады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Мәжіліс депутатының жазбасы скринделіп әлеуметтік желіде бірден тарады. Бірақ ол мұны көп ұзамай өшіріп тастаған. Онда Самат Нұртаза БАҚ өкілдерін өзен жағасында жемтігін күткен қолтырауындарға теңейді.

ашық ғаламтордан

Дей тұрғанымен мәжіліс қабырғасында журналистер депутатты бірден сұрақтың астына алған. Журналист Гүлбану Әниятқызы instagram-дағы парақшасында тіпті депутаттың бұл жазбасы үшін түсініктеме беріп, кешірім сұрағанын да жариялапты.

Өзін өткенде блогертектес депутатпын дегені тағы бар. Осындайларды мәжіліске апарып оңбаймыз ғой, - дейді журналист бейнежазбаға.

Желідегі жұрт болса депуататтың бұл әрекетіне түрлі пікірлерін қалдыруда. Бірі енді қолтырауындардан қорқатын боласыз деп әзілге айналдырса, енді өзгелері артық жазба қалдырып, артынан кешірім сұрай салу қоғамның бір майдаланған дерті болды дегенге тоқталыпты.

Ұсынылатын