Monday, 9 December,2024

"Мен жаңа ғана отырдым". Әкім орынбасары ереже бұзған жүргізушісін "лақтырып" кетті

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Алматы облысы Қарасай ауданы әкімінің орынбасары өзінің көлік жүргізушісін белсенділер ортасына тастап кетті. Ол тіпті тізгіндегі азаматты танымайтын сыңай көрсеткен, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Видеодан қоғам белсенділерінің жол полиция қызметкерлерімен бірлесе әкімдік көлігіне тексеру жүргізгенін байқайсыз. Көп ұзамай мемлекеттік көлік тізгінінде отырған жүргізушінің қауіпсіздік белбеуін тақпағаны анықталады. Ал автомобиль салонында аудан әкімінің орынбасары отыр.

Белсенділер неліктен жүргізушіге ереже бұзғанын ескертпедіңіз деп шенеуніктен сұрағанда ол "мен жаңа ғана отырдым" деп кетіп қалған. Артынша олар полицияға жүгізушіге хаттама толтыруын талап етеді.

Желідегі жұрт бұл жағдайды қатты сынға алған. Әрі дәл осындай бұзушылыққа жол берген әкім орынбасарын алдымен жазаға тарту керек еді дейді.

@kris_p_press Бардак акимат#CaptureYourNauryz ♬ оригинальный звук - KRIS P PRESS

Ұсынылатын