Saturday, 23 November,2024

"Мені кім қуана қарсы алады?" Мейрамбек Бесбаевты әйелі тастап кеткені рас па?

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Белгілі әнші Мейрамбек Бесбаевтың отбасы үнемі ел аузында. Тіпті біраз жыл алдын әлеуметтік желіде әнші ауырған кезде әйелі тастап кетті деген де әңгіме тараған болатын. Осы қауесетке Мейрамбектің әйелі Мархабат өзінің Instagram-дағы парақшасында нүкте қойды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

"Әрине, жоқ! Үйленген күннен бастап, 20 жылдың ішінде ешқашан тастаған емеспін. Өздеріңіз ойлаңыздаршы, ауырған кезде тастап, жазылған кезде қайта келсем, мені кім қуана қарсы алады екен?", - деп жауап берді Мархабат Бесбаева.

Айта кетейік, Ринат Зайытовтың концертінде Мейрамбек Бесбаевтың денсаулығы сыр бергені туралы Uaqyt.info бұған дейін жазды.

Ұсынылатын