Friday, 22 November,2024

“Менің де көңілім қалды”. Тамара Дүйсенова Астанадағы көрмеге қатысты пікір білдірді

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

ҚР Еңбек жәнге халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Астанада өткен жәрмеңкеге қатысты пікір білдірді. Естеріңізде болса, елорда тұрғындары Тәжікстан мемлекеті қойған көрмеде жабайылық танытып, жеміс-жидекке таласқа еді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

«Шынымды айтсам, менің де көңілім қалды. Біз, қазақстандықтар үнемі мәдениетімізбен, төзімімізен ерекшеленіп жүрген едік. Халықтың жағдайы тым нашар деп айта алмаймын. Ондағы азаматтарымыздың бәрі мұндай қылық көрсеткен жоқ. Дегенмен мұндай оқиға орын алды, демек өзімізді түзеп, тәрбиелеуіміз керек. Сондықтан да біз қазақстандықтар ретінде өз еліміздің имиджі үшін жауапты екенімізді ұмытпауымыз керек», - деп жауап берді Тамара Дүйсенова.

Сондай-ақ ол мұндай оқиғалар өзге елдерде де болатынын жеткізді. Айта кетейік, жексенбі күні EXPO алаңында Тәжікстанның ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп өнімдері, ұлттық қолөнер бұйымдары және ұлттық тағамдарының көрме-жәрмеңкесі өткен болатын. Тамаққа таласқандар туралы Uaqyt.info бұған дейін жазды.

 

Ұсынылатын