Friday, 22 November,2024

"Мереке" құтты болсын: Жазушылар Одағына жаңа Төраға сайланды

Алмас Абылай
Фото uaqyt.info

Қазақстан Жазушылар одағының жаңа төрағасы сайланды. Ақын-жазушылар арасында бұл орынға қаламгер, Президент сыйлығының лауреаты Мереке Құлкенов келеді деген сөз толық құрылтайда шындыққа айналып отыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Алматыда Қазақстан жазушыларының кезекті 16-шы құрылтайы өтуде. Шара басында ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі сөз алды. Ол Президент құттықтауын оқыды.

Сондай-ақ, жиын барысында осы күнге дейін Одақты басқарған Ұлықбек Есдәулетте сөз сөйледі. Ол орыннан бас тартатынын айтып, келесі Төраға болатын адамға сәттілік тіледі.

Дей тұрғанымен ақын-жазушылар бүған дейін батыстық Мереке Құлкеновтың басшы болып келетінін сөз қылған еді, көп ұзамай құрылтайда айтқандары дәл келді. Осылайша Қазақстан жазушылар одағының төрағасы болып Мереке Құлкенов сайланды.

Сондай-а, оның 5 орынбасары да іріктелді.

Нұржан Қуантай - бірінші орынбасары.

Бауыржан Жақып - екінші орынбасары.

Қасымхан Бегманов - үшінші орынбасары.

Ғалым Қалибек - төртінші орынбасары.

Бейбіт Сарыбай - бесінші орынбасары.

Қаламгер-журналист Мереке Әбдешұлы Құлкенов — 1951 жылы 8 қарашада Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қарабау ауылында туған. Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты.

Айта кетейік бұған дейін Одақ төрағасы ақын, жазушы Ұлықбек Есдәулет болған еді. Ол 2018 жылдың наурыз айында сайланды.

Ұсынылатын