Меркідегі демалыс аймағы өртеніп кетті
Жабыл облысының Меркі ауданындағы демалыс аймағы өртенді. Жалын 400 шаршы метр аумақты шарпыды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Caravan.kz медиа-порталының мәліметінше, Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің күшімен (37 қызметкер және 12 техника) 21 мамыр күні, сағат 00.13-те оттың таралуы тоқтатылып, 01.25-те толығымен жойылды. Алғашқы бөлімшенің жеткен уақыты – сағат 22.16 (арақашықтық 14 шақырым).
“Өрт салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер тіркелген жоқ”, – делінген ТЖД хабарламасында.
Еске салайық, Меркі ауданында, Меркі ауылынан 14 шақырым қашықтықта орналасқан «Тұран» демалыс аймағында от жалындап жатқанын жазған едік. Өрт бір қабатты төрт ағаш ғимаратты (әкімшілік ғимарат, дәмхана және 2 қонақ үй) шарпыды.