- Басты жаңалықтар
- Шоу-бизнес
- Меруерт Түсіпбаева сұхбат алғысы келетін журналистен қомақты ақша сұрады
Меруерт Түсіпбаева сұхбат алғысы келетін журналистен қомақты ақша сұрады

Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева журналист Аман Тасығаннан 700 мың теңге тұрады. Әнші тегін сұхбат бермейтінін және сұхбат беру бағасы жыл сайын қамбаттайтынын жеткізді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Екеуара әңгімені әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
"Аман Тасыған маған жыл сайын хабарласып, сұхбатқа шақырады. Ал, мен жыл өткен сайын бағаны көтеріп жатырмын. Осы жолы 700 мың теңге деймін. 700 мың төле, мен сол ақшаны жаңа жыл қарсаңында соңғы тиынына дейін аурушаң балаларға беремін, чегін саған жіберемін. Осылайша біз тақырыпты жабамыз. Мен саған кіммен өмір сүретінімді, кіммен дос екенімді, не себепті ұрысып, жылап, неге кей сәттерде күлетінімді, қайда бардым бәрін айтып беремін, спонсор ізде", - деді әнші.
Ал журналист өз кезегінде ондай қомақты ақша төлеу үшін біраз жұмыс істеу керектігін алға тартқан.
"Онда маған біраз жұмыс істеу керек екен, көбірек ақша тауып сізді шақыру үшін. Біз маркетингімізді қосып, өзімізді сатып үйренгенде хабарласамыз", - деді Аман Тасыған.