Saturday, 23 November,2024

Миллиардтаған ақша: Forbes журналындағы Ресей олигархтарының көпшілігі ел әскерін жабдықтауға ашық қатысқаны белгілі болды

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Ресейдің ең бай 200 бизнесмені тізіміндегі 81 олигарх Ресей әскерін ашық жабдықтауға қатысқаны белгілі болды. Олар 2014 жылдан 2023 жылға дейінгі аралықта 220 миллиард рубльге дейін қаржы бөлген, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл ақпаратты "Проектінің" "Пссы войны" деп аталатын зерттеуінен көруге болады. Басылым мәліметінше, бизнесмендердің Ресей қорғаныс министрлігімен жасаған ашық келісімшарттарының жалпы сомасы Украинаға басқыншылық басталғалы бері - 2014 жылдан 2023 жылға дейінгі аралықта 220 миллиард рубльге жеткен.

Сонымен қатар әлгі 81 олгиархтың 80-і санкцияға ілініпті. Бірақ олардың тек 14-не ғана Украинаны қолдайтын мемлекеттер санкция салған. Қалғандарына Киев санкция жариялапты.

Бұл тізімде Роман Абрамович (Millhouse), Геннадий Тимченко ("Новатэк"), Әлішер Усманов (USM), Юрий Ковальчук (Банк "Россия"), Аркадий Ротенберг ("Мостотрест"), Алексей Мордашов ("Северсталь"), Владимир Потанин ("Норникель"), Вагит Алекперов ("Лукойл"), Михаил Фридман (LetterOne) сынды белгілі олигархтардың аты-жөндерін көруге болады.

"Ресей қарулы күштерін қаржыландырып отырған өзге олигархтардың бәрі "бір жарым жылдан бері ауыздарына су толтырғандай үнсіз" қалған. Олардың кәсіпорындары Ресейдің қорғаныс өнеркәсібіне аса үлкен көлемде тауар жеткізіп, Украинаның бейбіт азаматтарын өлтіретін зымыран, бомба мен оққа қажетті тауармен қамтамасыз етіп отыр",– делінген зерттеуде.

Ұсынылатын