- Басты жаңалықтар
- Қоғам
- Миллиардтаған ақшаның есебін кімнен сұраймыз? Санжар Боқаев утильға байланысты былықты ашты
Миллиардтаған ақшаның есебін кімнен сұраймыз? Санжар Боқаев утильға байланысты былықты ашты
Саясаткер, қоғам белсендісі Санжар Боқаев елімізде миллиардтаған ақшаға ашылған утиль зауыттарының былығын ашты. Ол бұған көз жеткізу үшін арнайы 900 мың теңгеге ескі трактор сатып алған. Ақырында техникадан темір-терсекке өткізіп әрең құтылады, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Утильға байланысты былықты Санжар Боқаев Facebook-парақшасында жариялады. Онда елдегі ескі техниканы қабылдап, орнына қомақты ақша береді деп ашқан екі бірдей зауыт та көзбояушылық болып шыққанын дәлелдеген. Яғни, ол үшін белсенді ескірген трактордың 900 мың теңгеге сатып алады. Оны алдымен Қостанайдағы зауытқа жеткізеді. Бірақ іс нәтижесіз аяқталады.
"Бұл зауытты Асқар Мамин 5 миллиард теңгеге салды. Салтанатты түрде ашты. Бірақ сол күні ашылған зауыттың жай ғана ақша жымқыру схемасы екенін мұндағы күзетшілердің сөзі дәлелдеп тұр. Зауыт істемейді, техника қабылдамайды", - деп күйінеді Санжар Боқаев.
Мұнан кейін сол тракторды Қостанайдағы зауытқа жеткізген. Онда да сол жағдай. Ал бұл зауыттың Әлия Назарбаеваға тиесілі екенін екінің бірі біледі.
Санжар Боқаев осылайша ескі техникасы ешбір жерге өткізе алмай, ақырында 200 мың теңгеге темір-терсек ретінде өткізіп құтылады. 700 мың теңгеге ұтылады.
Осы тәжірибесі арқылы елге утильалымның мүлде керек емес екенін, ал сол үшін алынып отырған ақшаның қалтаға кетіп жатқанын ашық дәлделеп көрсетеді. Әрі Президентке үндеу жолдап, масқараға тоқтау салуды сұраған.