- Басты жаңалықтар
- Қоғам
- Министр болсын, басқа болсын, әйелді ұру - надандықтың ең жоғары белгісі – Нұрлан имам
Министр болсын, басқа болсын, әйелді ұру - надандықтың ең жоғары белгісі – Нұрлан имам
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Танымал ұстаз, әлеуметтік желі арқылы көптің сауатын ашып жүрген Нұрлан Байжігітұлы әйелін ұрып өлтірген экс-министрге қатысты пікір білдірді. Ол бұл пікірін тікелей эфир арқылы жеткізді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
“Министр туралы білмеймін, бірақ әйелді ұрып-соғу бізде жаңалық емес. Маған «Әйелдің сөзін сөйлейсің» деп еркектер ренжіп жатады. Пікірлерді де өздеріңіз көріп жатырсыздар… Бұл жақсы емес. Министр болсын, басқа болсын, әйелді ұру - надандықтың ең жоғары белгісі”, - деп жауап берді имам.