Министр Ермек Маржықпаев Шавкат Рахмоновты құттықтады
Uaqyt.info

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Шавкат Рахмоновты құттықтап, алдағы турнирлерде сәттілік тіледі, деп хабарлайды Uaqyt.info.
“Еліміздің Тәуелсіздік күнінде таң азанымен АҚШ-тан ақжолтай хабар жетті. Аралас жекпе-жектегі ел мақтанышы Шавқат Рахмонов бүгін UFC-де кезекті айқасын өткізіп, қазақ елін тағы бір жарқын жеңісімен қуантты. Егемендік күнінде ел тұрғындарын қуанышқа бөлеген даңқты спортшымызды жеңісімен шын жүректен құттықтаймын”, - деп жазды министр Telegram каналы.
Естеріңізге сала кетейік, UFC 296 турнирінде октагонға шыққан жерлесіміз Шавкат Рахмонов америкалық спортшы Стивен Томпсонды екінші раундта қылқындыру әдісімен жеңген болатын.