Министр Ержан Сәденов бұрынғы бастығының тергелуіне қатысты пікір білдірді
Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тергелуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
«Ішкі істер министрлігі Ерлан Тұрғымбаевты тергеп жатқан жоқ. Сондықтан қандай іспен, қандай баппен ұсталғанына пікір білдіре алмаймын. Бұл жерде құзіретті органдар іс қозғады, тексеріп жатыр», - деді Ержан Сәденов.
Uaqyt.info бұған дейін Ерлан Тұрғымбаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалғаны туралы жазған болатын.