Министр өлгеннен кейін ағза доноры болатынын айтты
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Мәжілістің кулуарында донорлық туралы айтып, өзі де ағза донорлығына келісім беретінін айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Ажар Ғиният Мәжілістің кулуарында тілшілердің сұрағына берген жауабынды айтты.
"Мәйіт донорлығы - көп елде проблема. Бұл жерде мәселе медициналық емес, моральдық-этикалық проблемалар бар. Азаматтар өлгеннен кейін ағзаларын тірі қалдыруға дайын болуы керек. Денсаулық сақтау министрлігінде электронды тіркеу бар, онда кез келген азамат электронды үкімет арқылы өз ниетін, таңдауын білдіре алады. Бүгінде 40 мың қазақстандық өз ұстанымын білдірген, оның 15 пайызы келіскен. Желтоқсан айында трансплантация болды. Екі донор 9 адамның өмірін сақтап қалды", - деді министр.
Ол журналистің “Сіз қайтыс болғаннан кейін донорлыққа келісесіз бе?” деген сұраққа жауап берді.
"Мен келісіп, ниетімді білдірдім", - деп жауап берді Ажар Ғиният.