Министр Саясат Нұрбек іссудың жарнамасын жасады
Uaqyt.info
Фото
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында Қазақстанда өндірелетін иіссудың жарнамасын жасады. Жаңа өнімді “Болашақ” түлектері ойлап тапқан, деп хабарлайды Uaqyt.info.
“Қазір Алматы қаласындағы Сәтбаев университетінде ашылған біздің 2 эксперименттік зертханамыз өз өнімдерін шығара бастады. Бұл – иіссу. Біздің отандық өнім. Өнімді жасап шығару үшін «Болашақ» бағдарламасының түлегі Гүлжан Түзелбаева Францияда парфюмерлік іс бойынша арнайы оқып келді. Сонымен қатар Ербол Сағатов - синтетикалық химия бойынша PhD докторы Ұлыбританияда «Болашақ» бағдарламасымен оқыды”, - деді министр.