- Басты жаңалықтар
- Әлем
- Министрдің орынбасары: Рамзан Қадыровтың 18 жастағы ұлы үлкен қызметке тағайындалды
Министрдің орынбасары: Рамзан Қадыровтың 18 жастағы ұлы үлкен қызметке тағайындалды
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Шешенстан президенті Рамзан Қадыровтың ұлы Ахмат министрдің дене шынықтыру, спорт және жастар саясаты жөніндегі бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Рамзан Қадыровтың үш ұлының үлкені Ахмат лауазымды қызметке тағайындалды. Бұл туралы "Кавказ.Реалии" сайты жазды. Онда жақында ғана 18 жасқа толған Ахматтың министрдің орынбасары болғаны айтылған. Әзірге бұл тағайындау ресми түрде хабарланған жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін Қадыровтың үш ұлы – Ахмат, Эли және Адам Шешенстан парламентінің жоғары орденімен марапатталған болатын.