- Басты жаңалықтар
- Саясат
- Митталды жауапқа тарту керек деген Серік Ахметов "АрселорМиттал Теміртаудың" келесі инвесторы деген рас па?
Митталды жауапқа тарту керек деген Серік Ахметов "АрселорМиттал Теміртаудың" келесі инвесторы деген рас па?
"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының инвесторы Лакшми Миттал Назарбаевтың кезінде ақшаны оңды-солды шашып, бірақ кеніш қауіпсіздігіне мүлде қаржы салмады деп айыптаған бұрынғы Премьер-Министр Серік Ахметов туралы ақпар тарады, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Онда бұрынғы Үкімет басшысы компанияның келесі инвесторы болатыны айтылуда. Осы сауал төңірегінде БАҚ өкілдері Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз конференцияда Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтан сұрап білді. Ол нақты атын атамаса да, келесі инвестор отандық азаматтардың бірі болатынын растады.
"Үкімет шетелдік инвесторлардың келуін қарастырып отырған жоқ. Еңбек шарты, қызметшілердің саны өзгеріссіз қалады. Қазір нақты инвестор туралы пікір білдіре алмаймын. Бұл активке шетелдік инвестор тартуды жоспарлап отырған жоқпыз. Соны ғана айта аламын", - деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Серік Ахметов өз сұхбатында "АрселорМиттал Теміртау" басшылығын қатаң жауапқа тартуы керегін айтқан еді. Себебі соңғы 10 жылда 140-тан астам кеншілеріміз бен мықты мамандарымыз құрбан болған.