Friday, 22 November,2024

Михаил Саакашвили өлім аузында жатыр

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Түрмеде отырған Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвили өлім аузында жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Шұғыл ақпаратты Politico газеті хабарлады. Онда түрмеде отырған саясаткердің денсаулығы нашарлап, хәл үстінде жатқаны айтылған. Экс-президент халықаралық ұйымдардан көмек сұрап отыр.

“Түрмеде денсаулығым әбден нашарлап бітті. Өлім аузында жатырмын. Маған психологиялық, физикалық қысымдар жасалып жатыр. АҚШ-тың қоғамдық ұйымдарынан өмірме араша түсуін сұраймын. Маған көмек бермесеңіздер, мен жақында өліп қалуым мүмкін”, - деді Михаил Саакашвили.

Михаил Саакашвили 2021 жылдың 1 қазанынан бастап түрме отырғанын айта кетейік.

Ұсынылатын