Мобильді аударымдар: кімдерге салық салынатыны белгілі болды
Вице-премьер – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мобильді аударымдарды реттейтін заңға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
“Банктермен пилоттық жоба жүріп жатыр.Біз мынадай критерий қойдық – үш ай ішінде бір карточкаға 100 аударым. Біз бақылаймыз. Бұл шартты критерийлер, біз оны өзгертуіміз де мүмкін, аз не көп болуы да ықтимал. Заң былтыр қабылданған және кәсіпкерлік қызмет белгілері бар мобильді аударымдарға салық салуға бағытталған. Ал егер мобильді аударымдар туысқандар, әріптестер арасында жасалса, енді түрлі жағдай болады ғой, онда бұл кәсіпкерлік қызметке жатпайды және оған салық салынбайды”, - деді Ерұлан Жамаубаев.
Айта кетейік, егер жеке тұлғаның жеке банк шотына үш айдың ішінде ай сайын 100 не одан көп адамнан ақша түссе, олар бақылауға алынады.