Saturday, 23 November,2024

Мобилизация басталды: Ресей халқын Путиннің телеарналардан көрсетілген үндеуі шошытты

Алмас Абылай
Фото ашық ғаламтордан

Соңғы күндері Ресейдің Украинамен шекаралас елді-мекендері еріктілер қарамағына өтіп барады. Тіпті телеарналар байланысы бұзылып, Путиннің мобилизацияға үндеген жалған видеосы қосылған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

ВВС ақпарат агенттігі дерегіне сүйенсек, Ресейдің Курск, Белгород және Брянск облыстарында телеарналар көрсетілімі бұзылған. Салдарынан халықты мобилизацияға шақырған Путиннің жалған видеосы көрсетіліпті. Көп ұзамай президент баспасөз хатшысы Песков бұл хабарламаның шындыққа жанаспайтынын мәлімдеп, аталмыш өңір халқын қауіпсіздіктері үшін орталыққа қарай көшуге шақырды.

Соңғы мәліметке сүйенсек билікке қарсы шыққан "Азат Ресей" әскери ұйымы шекаралас аумақтардағы Ресей азаматтарын тұтқынға алған.

Десе де Ресей президенті соғыс аумағынан жиі хабар алып тұруға тырысатын көрінеді.

Сонымен қатар, Бахмутты бір жылға жуық жаулауға әрекеттенген "Вагнер" әскери ұйымының жетекшісі Пригожинде шұғыл мәлімдеме жасады. Ол қаланы тастап кету жолында бірқатар қысымға тап болған. Тіпті сөзінде Украина қарсы шабуылға шығып, 5-6 елді мекенді кері қайтарып алғанын да айтып отыр.

Сондай-ақ, ВВС агенттігі Ресейдің Украинаны бомбалау үшін бір мамыр айында 300 шахед ұшқышсыз аппараттарын ұшырғанын жазды.

Ұсынылатын