Friday, 22 November,2024

Моңғолияда қарлы бораннан 8 малшы қаза тапты

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Моңғолияда қарлы бораннан 8 адам көз жұмды. Үсіп қалғандардың арасында 11 жастағы бала бар, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Моңғолияның Төтенше жағдайлар министрлігі мемлекеттік комиссиясының хатшысы Тувшинсайханы Баярхуу мәлім етті. Оның айтуынша, алапат қарлы бораннан 8 адам көз жұмған.

Із-түссіз кеткен 38 адам қар құрсауынан құтқарылыпты. Қазіргі уақытта қаза тапқан малшылардың отбасына көмек беру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Марқұмдардың отбасыларына 5 млн моңғол тугригі (1450 доллардан астам) қаражат беріледі.

Ұсынылатын