Saturday, 23 November,2024

Мұғалімді бірнеше рет зорлаған мектеп директоры тілшілерден қашып кетті

Алмас Абылай
Фото Коллаж/uaqyt.info

Алматыда қол астындағы қызметшісіне сексуалдық сипаттағы әс-әрекет жасаған №10 мектеп-интернаты директоры қызметінен кетті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Алматыдағы аз қамтылған отбасы балаларына арналған №10 мектеп-интернаты директоры қол астындағы қызметкерін бірнеше рет зорлаған. Бұл туралы жәбірленуші мұғалім Астана арнасындағы  “Ащы шындық” ток-шоуында мәлімдеді. Гүлмира Тәжібаеваның айтуынша, мектеп басшысы қызмет бабын пайдаланып, оны еріксіз түрде бірнеше рет төсек қатынасына түсуге мәжбүрлепті.

«Отырыстан шыққан соң жаныма жақындап, шешіне бастады. Жыладым, қарсылық көрсеттім, тиіспеуін өтіндім, бірақ мені тыңдаған жоқ. Жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрледі», – дейді Гүлмира Тәжібаева.

Сексаулдық жанжалдан кейін мектеп директоры жұмысынан өз еркімен кетті. Ал мән-жайды сұрағысы келген журналист Ғазиза Райымбектен ол қылмыскер адам ұқсап қашып кетті. Әзірге оның үстінен қылмыстық іс қозғала ма, жоқ па, ол жағы белгісіз.

Uaqyt.info бұған дейін Алматы облысында мектеп оқушысын 5-ші сыныптың балалары жабылып зорлағанын жазған болатын. 

 

 

Ұсынылатын