Saturday, 23 November,2024

Мұнайшылардың мәселесін қарайтын комиссия құрылды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Жаңаөзендік жұмысшылардың талабы қанағаттандырылды. Олардың көтерген мәселесін енді арнайы құрылған комиссия қарайтын болады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы “ҚазМұнайГаз” ҰК АҚ баспасөз қызметі хабарлады. Ондағылардың айтуынша, талаптарын айта келген жұмысшылар босатылып, пойызбен Жаңаөзенге жөнелтілген. Құрылған комиссияның құрамына "БерӘлі Маңғыстау Company" компаниясында қызмет еткен адам кіреді.

"ҚМГ байланыс тобы мен "БерӘлі Маңғыстау Company" өкілдері арнайы жұмыс комиссиясын құру туралы келісімге келді. Ол комиссия "БерӘлі Маңғыстау Company" компаниясының бұрынғы қызметкерлерінің талаптарын заң аясында шешу үшін қарастыратын болады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін 100-ден астам жұмысшы Жаңаөзеннен Астанаға арнайы келіп, талап-тілектерін айтқан болатын. Оларды кейіннен арнайы жасақ ұстап алып кетті. Ал 11 наурыздың түнінде Жаңаөзенде жергілікті халық бас көтеріп, оларды босатуды талап етті. Uaqyt.info мұнайшылардың мәселесіне қатысты бірнеше материал жазды.  

Ұсынылатын