Friday, 22 November,2024

Мұхтар Мағауин АҚШ-тан Түркияға қоныс аударды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Жазушы Мұхтар Мағауин Түркияға көшті. Бұл туралы Сапарбек Нағашыбеков есімді желі қолданушысы Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

“АҚШ. Мұхтар Мағауин атамыз Түркия ға көшіп бара жатыр. Бүгін үйіне шақырып шәй берді. Бәріміз ақ жол тіледік. Атамыз аман болсын, жүз жасасын.  Енді Қазақстанға жақын тұратын болады.

Қуанышты хабар атамыз Алтын Орда кітабын екі жыл жазып бітіріпті. 83 жасында да, ұлтқа қызмет етіп , қазаққа мұра болып қалсын деп дүниелер жазып жүр. Оның алдында Шыңғыс хан кітабын 7 жыл жазып еді. Атамыздың осы зор еңбегін болашақта қазақтар бағалайтын болады деп сенемін.

Қазақтың тарихында жазған дүниелері (кітаптары) 26 томға жеткен мықты, жалғыз жазушы. Енді мұндай жазушы болашақта қазақта бола ма екен ? Шетелде тұрмағанда осыншама кітапты атамыз Қазақстанда жазаларма еді ?

1 жыл бұрын Мұхтар Мағауин атамыз София қызымыздың тұсауын кесіп еді, міне бүгін қызым атасына барып сәлем берді”, - деп жазды Сапарбек Нағашыбеков.

Ұсынылатын