Мұхтар Тайжан 15 тәулікке қамалды
Uaqyt.info
Фото instagram.com/mukhtar.taizhan
Саясаткер Мұхтар Тайжан әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Алматы қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
«Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен азамат М. Тайжан әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабы 6-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Ол 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түрінде әкімшілік жауапқа тартылды», - делінген хабарламада.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.