Sunday, 24 November,2024

“Мына үкіметпен бұл қыстан шыға алмаймыз”. Танымал заңгер Тоқаевқа үндеу тастады

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Белгілі заңгер Айгүл Орынбек Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу тастады. Ол Оңтүстікте ұн мен қанттың бағасының шарықтап кеткенін айтып, азық -түлік бағасын жергілікті әкімдер бақылауда ұстай алмай отырғанына тоқталған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Өз үндеуін заңгер әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

“Құрметті Президент!

Сізге, жаныңызда жүргендер баяндамай жасырып отырған болу керек! Халықтың аманатын, жан айқайын жеткізейін! Оңтүстікте Ұн бағасы -15 мың теңге, ал қант бағасы-13 мың теңге бір ақ шықты!

Азық -түлік бағасын жергілікті әкімдер бақылауда ұстай алмай отыр. Смайылов басқарған үкіметпен бұл қыстан шыға алмаймыз! Азық-түлік бағасын ұстай алмай отырған үкіметбасы бізге керек пе? Депутаттар, әу десеңдерші, барсыңдар ма? Мәжілісте отырған оңтүстіктің депутаттары үндемей бас шұлғып отыруға бардыңдар ма? Шығарсаңдаршы дауыстарыңды,сұрасаңдаршы Үкіметтен, ұн мен қанттың бағасы қайда ұшып барады?

Президент тапсырма бермесе, жұмыс істемейтін Үкімет басы отставкіге кету керек!”, - деп жазды Айгүл Орынбек.

Ұсынылатын