- Басты жаңалықтар
- Қоғам
- "Мынау сұмдық қой": Полиция қызметкерлерінің түн мезгілінде ер кісіні ұрып құлатқан бейнежазбасы тарап кетті
"Мынау сұмдық қой": Полиция қызметкерлерінің түн мезгілінде ер кісіні ұрып құлатқан бейнежазбасы тарап кетті
Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр
Интернетте полиция қызметкерлерінің жалғыз жүрген ер кісіге күш көрсеткен бейнежазбасы тарады. Жұрт бұл жағдайға жаға ұстап отыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Видеодан екі полицейің түн мезгілінде белгісіз ер адамды ұстап тұрғанын байқайсыз. Көп ұзамай екінші полицей оның бүйрегіне соққы жұмсайды. Ауырсынған ер кісі бірден жерге құлаған. Мұнан кейін оның жан даусымен айғайлағанын естисіз.
"Түркістан облысының Полиция департаментінің бастығы Мұрат Талапұлы Қабденов мырзадан ресми жауап күтеміз", - делінген бейнежазбаға.
Бұл жағдайға желідегі жұрт жаға ұстап отыр. Тіпті полиция қызметкерлерінің әрекетін сынаған түрлі пікірлерін қалдыруда.