- Басты жаңалықтар
- Қоғам
- Мырзахметовтен пара алды: Антикор экс-депутат Әлтаевты не үшін ұстағанын толық түсіндірді
Мырзахметовтен пара алды: Антикор экс-депутат Әлтаевты не үшін ұстағанын толық түсіндірді
Алмас Абылай
Фото ашық ғаламтордан
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәжілістің бұрынғы депутаты Нұржан Әлтаевты не үшін ұстағанын түсіндірді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Дерекке сүйенсек ол Абылай Мырзахметовтан аса ірі мөлшерде пара алған.
"Әлтаев Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі, кейіннен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты ретінде жүйелі негізде «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының Басқарма төрағасы А.И. Мырзахметовтен аса ірі мөлшерде пара алды деп күдіктенеді. 2018-2020 жылдар кезеңінде жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқара отырып, ол А.И. Мырзахметовтың мүддесі үшін әрекет етіп, оның ұйымына мемлекеттік тапсырыстарды алуына ықпал етіп, жалпы қамқоршылық көрсеткен", - делінген ақпаратта.
Экс-депутат Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда.
Еске салайық, бұған дейін Әлтаевтың ұсталғанын жазған едік.