Saturday, 23 November,2024

Мысырда теңіз жағажайында шомылған әйелді акула жеп қоя жаздады

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Мысырда қонақүй жағажайында шомылып жүрген әйелге акула шабуылдап, оны иығынан тістеп алған. Әйел көп қан жоғалтып, ес-түссіз күйде ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

 Газета.RU дерегіне сүйенсек, оқиға Дахаб курортында болған. Шарм-эль-Шейх қаласынан шамамен 100 шақырым жерде орналасқан жағажай уақытша жабылды.

Бұл Мысырда кейінгі үш айда акуланың адамға екінші рет шабуылдауы. Маусым айында Ресей тұрғыны жыртқыштың құрбаны болды, оны ешкім құтқара алмады.

Ал осы жолы әйелді сол маңдағы демалушылар құтқарып қалған.

Ұсынылатын