Найзағай түскен: ШҚО-да 180 тонна пішенді өрт шалды
                     Uaqyt.info 
                    
  
                    
  
                
                
                         Фото Ашық дереккөзден
                                                        Шығыс Қазақстан облысындағы шаруа қожалықтарының біріне найзағай түсіп, 100 орам пішен жанып кетті, деп хабарлайды Uaqyt.info.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, найзағай Ұлан ауданы Сағыр ауылынан 17 шақырым жердегі шаруа қожалығына түскен. Соның салдарынан өрт шығып, қысқа дайындалған шөп жанып кетті. Құдай сақтағандағ зардап шеккендер жоқ.
“Белгілі болғандай, шаруа қожалығының аумағына найзағай түсіп, 100 орам пішен жанып кетті. ТЖД қызметкерлері мен шаруа қожалығының жұмысшылары лезде тілсіз жаумен күреске кірісті. Көп ұзамай от толықтай ауыздықталған. Зардап шеккен ешкім жоқ. Осылайша, 600 орам, яғни 180 тонна пішеннің жанып кетуіне жол берілмеді”, - делінген ақпаратта.
            


