Friday, 20 September,2024

"Намыс жоқ". Астанадағы сауда дүкендерінің бірінде жас жігіт манекен омырауын бас салды

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Астанадағы сауда дүкендерінің бірінде біртүрлі жігіт көзге түсті. Ол киімдер қатарында тұрған манекеннің омырауын аймалаған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Видеода жас жігіттің киім сататын дүкендегі манекенге қарап тұрғанын байқайсыз. Көп ұзамай ол оның омырау тұсындағы киімді шешіп, аймалай бастайды.

Десе де, бұл жағдай желідегі жұрттың алаңдаушылығын туғызған. Жас жігіттің манекенді бас салған әрекетіне түрлі пікір жазуда. Бірі "намысы жоқ" деп сынға алса, енді өзгелері тез арада ұстамаса қоғамға қауіп деген ойын жазған.

Бұл жағдайға елордалық полицейлер де назар аударғанын хабарлады. Қазіргі уақытта оның жеке басын анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Ұсынылатын