Saturday, 5 October,2024

"Нанды қорлау". Енесінің алдында бауырсақты қайшымен қиқымдаған келін жұрт ашуына тиді

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Интернетте бауырсақтың нанын қайшымен кесіп, түзулеген келіннің әрекеті қызу талқылануда, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Видеодан келіннің ене алдында бауырсақты дөңгелектеп жатқанын көресіз. Тіпті әдемі шығару үшін ол нанды қиқымдап әлек.

Келін әрекеті желіде жұртшылықтың ашуына тиген. Тіпті "Рамазан айында нанды бұлайша қорлауға бола ма" деген пікірлерін жазуда.

"Басынан бір ұратын адам бар ма". "Нанды осылай қорлауға бола ма, енесі не қарап тұр". Нанның киесі ұрады, неге енесі дұрыстап тәрбиелемейді". "Рамазан айында бұл неғылған әрекет, ұят", - деген ашулы жазбаларын жазған желідегі жұрт.

Ұсынылатын