“Нашар менеджер”. Қызметінен босаған әкім туралы ел не дейді?
Шығыс Қазақстан облысын 10 жылға жуық басқарған Даниал Ахметов Президенттің Жарлығымен қызметінен кетті. Желі қолданушылары экс-әкімнің жұмысына баға беріп жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Facebook әлеуметтік желісінде Даниал Ахметов туралы пікірлер көп жазылуда. Дені оның жұмысын сынап, өз қызметін тиісті деңгейде атқара алмаған әкімнің кеткеніне қуанған.
“Алматы-Өскемен жолы салынып бітпеді, Бұқтырмадағы көпір құрылысы аяқталмады. Серпантиндегі жол да жайына қалды. Жаңа әкімге жеріне жеткізетін жұмыс көп”, “Қазақ елінің дамуын өлшеусіз тежеп келген нашар менеджер Даниал Ахметовтің қызметтен кеткеніне қуанамыз!”, “Шығыс халқына қамқор болатын басшы келсе деп тілейміз! Бұл кісі қорғаныс министрі болып тұрғанда бір үлкен дауға ілігіп барып, бір жыл тым-тырыс жоғалып кетіп қайтадан билікке келгенін зертесеңіздер дұрыс болар еді”,“Шығыс Қазақстан облысын басқарған емес, тоғыз жыл тонаған әкімнің артынан жақсы пікір көрмедім. Орман тоғайы мен әдемі, көзтартар табиғаты бар мекенді жеп тойған шығар. Әй, қайдам мұндай адамдардың көзі тоймайды, тағы қай жерді опырсам, жапырсам деп тұрады. Халқын ойламаған адамнан без”,- деп жазды желі қолданушылары.