Sunday, 8 September,2024

“Назарбаев ақшаның қай жерде жатқанын біледі”. Жанат Қожамжаров экс-президентті сүйетінін айтты

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Сюцай ілімінің негізін қалаушы Жанат Қожамжаров журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың “Уақыт көрсетеді” бағдарламасына сұхбат берді. Сұхбат Түркияда түсірілді. Онда Қожамжаров өз ойлап тапқан ілімнің қазіргі қоғамдағы пайдасы мен елдегі болып жатқан өзгерістерге тоқталған. Сондай-ақ ол елді 30 жыл билеген Нұрсұлтан Назарбаевтың қандай адам екені туралы да пікірін білдірді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

“Ол кісі ақшаның қайда жатқанын өте жақсы біледі. Мен Назарбаевты ерекше сүйемін. Құдай сүйген адамды мен қалай жек көремін. Кім айтты Назарбаевты Құдай сүймейді деп?! Құдай сүймесе, 80-ге келіп, 30 жыл ел билейді ме? Ол кісі барлығының минусын жауып отырды, ол кісі біздің шекарамызды түгендеп кеткен адам. Одан кейінгі сөздердің барлығы – бос сөз, - деді Жанат Қожамжаров.

Сұхбаттың толық нұсқасын Нұрсейіт Жылқышыбайдың “Уақыт көрсетеді” бағдарламасынан көре аласыздар.

Ұсынылатын