Sunday, 24 November,2024

Назарбаев қорының қамқорлығындағы мектептен шу шықты: 1-сынып оқушысы қылмыс құрбаны болған

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Алматыдағы Халықаралық мектепте шу шықты. Аталмыш білім қабырғасы Нұрсұлтан Назарбаев қорының қамқорлығында, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы журналист Михаил Козачков Тelegram-арнасында жазды. Онда 1-сынып оқушысы мектеп дәретханасында қылмыс құрбаны болғаны жазылған.

"Еліміздің ең қымбат оқу орындарының бірі - Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қорының қамқорлығымен жұмыс істейтін Алматы халықаралық мектебінде түсініксіз нәрсе болып жатыр. Мектепте бірінші сынып оқушыларының бірі дәретханада қылмыстың құрбаны болды деген қауесет бар. Бірақ нақты не болды және оны кім жасады - бұл үлкен құпия. Жағдай бойынша ата-аналар жиналысы өткізілген. Десе де көптеген сұрақтар жауапсыз қалып отыр", - деп жазады Козачков.

Сонымен қатар, ақпаратта дәл осы жекеменшік мектепте оқу жылы 2,4 миллион теңгені құрайтыны да жазылған.

Ұсынылатын