Friday, 22 November,2024

Назарбаев зияткерлік мектебінде оқушы 5 жыл бойы қыздарды төсекке итермелеп келген

Алмас Абылай
Фото ашық ғаламтордан

Қоғам белсендісі Дина Таңсәрі Астанадағы Назарбаев зияткерлік мектебіндегігі сұмдық жағдайды жазды. Сөзінше ер бала 5 жыл бойы қыздарды төсекке тартып, артынша сол интимдік жағдайдың фото-видео жазбасымен ақша бопсалаған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қоғам белсендісі бұл туралы Facebook-те жазды. Онда мектеп оқушысы білім ордасының жатақханасында тұрғаны көрсетіледі.

"НЗМ чатында мектептен шығарылған оқушы мен оның ұстазы қызу талқылануда. Бір қызығы бұл жағдай бойынша ешкім полицияға шағымданбаған. Тіпті тексеру жұмыстарын да жүргізбепті. Тек оқудан шығарып жіберген, болды", - дейді қоғам белсендісі жазбасында.

Әлеуметтік желідегі қоғам белсендісінің жазбасына зияткерлік мектептің баспасөз қызметі де жауап берген. Ол оқушылар арасында 2 күн бұрын киберқорлау оқиғасы орын алғанына тоқталыпты. Ал қоғам белсендісінің жазасы жалған дерек деп отыр.

"Екі күн бұрын мектепте оқушылар арасында киберқорлау (секстинг) оқиғасы анықталды. Осы екі күннің ішінде мектеп тарапынан қажетті шаралар жүргізілді. Нәтижесінде оқушы оқудан, мектеп қызметкері жұмыстан шығарылды. Кейіннен оқушылардан жоғарыдағы мәселе бойынша сауалнама алынды. Бірақ ешқандай факт тіркелмеді. Ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ақпарат шындыққа жанаспайды", - делінген жауапта.

Ұсынылатын