Friday, 22 November,2024

Назарбаевтарға тиесілі 2 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Uaqyt.info
Фото Коллаж/uaqyt.info

Алматы маңындағы Болат және Әлия Назарбаеваға тиесілі жер мемлекет меншігіне өтті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Алматы облысының прокуратурасы хабарлады. Онда Назарбаевтарға тиесілі екі мың гектар жердің сот арқылы мемлекетке өткені айтылған. Ведомство өкілдерінің айтуынша, Болат пен Әлияға тиесілі жер учаскелері Қарасай және Жамбыл аудандарында орналасқан.

"Жамбыл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 21 желтоқсандағы және 2013 жылғы 15 сәуірдегі қаулыларымен А.Н.Назарбаеваның өкілі болып табылатын "Жандан" шаруа қожалығына жер учаскелері жалға берілді. Сонымен қатар, кадастрлық іс құжаттарында жалға беру шарттары жоқ. Аудан әкімдігінің жауабына сәйкес, Назарбаева А.Н.ның атынан "Жандану" шаруа қожалығымен аталған жерлерге жалға беру шарты жасалмаған. Кейіннен жер телімдері төрт бөлек учаскеге бөлінген. Бұл учаскелер "Жандан" ҚХ-на жеке меншік құқығымен берілген. Содан кейін жер телімдері біріктіріліп, оларға бір мемлекеттік акт жасалып, кадастрлық нөмір берілді. Жалпы көлемі 445 га, жер телімінің мақсатты – егіншілік. Прокуратура жер заңнамасын бұзу фактілері орын алды деп есептейді", – делінген сот қаулысында.

Ұсынылатын