Saturday, 23 November,2024

Назарбаевты балағаттағандар қылмыстық жауапқа тартылмайды: Заңның күші жойылуы мүмкін

Алмас Абылай
Фото ашық ғаламтордан

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевты балағаттағаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделмейді. Мәжілісте аталмыш заңның күшін жою мәселесі қаралуда, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Әділет министрлігі хабарлады. Баспасөз қызметінің дерегіне сүйенсек, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы Парламент Мәжілісінде қаралып жатыр.

"Депутаттар бастама жасаған заң жобасы шеңберінде Қылмыстық кодекстен 373 және 374-баптарды алып тастау жоспарланып отыр. Онда Тұңғыш Президентті көпшілік алдында қорлау және оның абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіру (сондай-ақ, оның суретін бүлдіру, оның заңды қызметіне кедергі жасау), Тұңғыш Президентке қолсұқпаушылық кепілдігін жою үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген", - делінген министрлік хабарламасында.

Ұсынылатын