Friday, 18 October,2024

Назарбаевты пайғамбарға теңеген жазушылар кімдер?

Uaqyt.info
Фото

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев тақта отырған кезде оның жеке басына айтылған мақтаулар аз болған жоқ. Олардың арасында қазақ әдебиетіне өлшеусіз үлес қосқан атақты жазушылар да бар, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Назарбаевтың жеке басына мақтау айтқан жазушылардың бір парасын Facebook  әлеуметтік желісінде Ахметбек Нұрсила жазды.

Сонымен Нұрсұлтан Назарбаевты пайғамбарға теңегендер кімдер? Мәселен ақын Фариза Оңғарсынова экс-президентті Мұхаммед пайғамбарға ұқсатқан.

Ол “Мен Нұрсұлтанды өзiм азамат тарихындағы ең ұлы адам деп бағалайтын Мұсылман жұртының ардақты перзентi Мұхаммед пайғамбарға ұқсатамын" деген екен.

Ал халық жазушысы Шерхан Мұртаза болса “Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев адамзатты топан судан аман алып шыққан Нұх пайғамбарға ұқсап, Қазақстанды сонау 90-жылдары Тәуелсiздiк жолында басталған күресте аман алып шығып, ел қылды...”, - деп тебіренген.

Мақтауды келістіргендердің тағы бірі -  жазушы Дүкенбай Досжан. Ол Назарбаев туралы былай дейді.

"Елбасының есiмi перiште дәптерiнiң ең төбесiнде тұруға лайық".

Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев тақтан түскеннен кейін, оны мақтап жүргендердің көбі ол туралы теріс пікір айта бастады. Тіпті кезінде күй арнағандар, шығармасын өртейтінін айтып, елді елең еткізген еді. Күйшінің кім екенін іштеріңіз біліп отырған шығар...

Ұсынылатын