Monday, 16 September,2024

Назарбаевты қанау қашан тоқтайды? Экс-президент телеарнадағы акциясынан айырылды

Алмас Абылай
Фото

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев КТК телеарасындағы акциясысының бір бөлігінен айырылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Bes.media дерегінен сүйенсек, сот шешімімен Назарбаев қоры КТК-ның 1% акциясынан айырылған. Яғни Алматының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Бостандық ауданы прокуратурасының "Коммерциялық телевизиялық арна" АҚ акцияларының 1%-ын сыйға тарту шартын жарамсыз деп тану туралы талабын қанағаттандырды. Бұл үлес бұрын "МаңғыстауМұнайГазға", содан соң Нұрсұлтан Назарбаев қорына тиесілі болған.

"МаңғыстауМұнайГаз" АҚ мен "КТК" АҚ арасында жасалған 2016 жылғы 19 желтоқсандағы акцияларды сыйға тарту шарты жарамсыз деп танылды", – деді судья Гаухар Қасымбаева.

Сондай-ақ ол мәміле "Мемлекеттік мүлік туралы" заңды бұза отырып жасалғанын түсіндірді. "МаңғыстауМұнайГаз" АҚ өкілі сот ісін мойындады, ал КТК мойындаған жоқ.

Нұрсұлтан Назарбаев қоры – КТК-ның 91,36% үлесі бар ірі акционері. Оның құрылтайшысы – Нұрсұлтан Назарбаев. Қор директоры – Дариға Назарбаева, – делінген хабарламада.

Сот шешімі күшіне енген жоқ.

Ұсынылатын