Наzима Мирас Жүгінісовпен қарым-қатынасы туралы шындықты айтты
Танымал әншілер Наzима мен Мирас Жүгінісов «Қызық Times» жобасының қонағы болып, дуэт жазу идеясының қалай пайда болғанын айтып берді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Әншілердің айтуынша, желіде түрлі қауесет тараса да, олардың арасында тек шығармашылық қана байланыс бар екен.
“Бұдан бұрын тек концерттерде ғана кездесіп жүрдік. Мен өзім бірінші болып Назиманың Instagram парақшасына «Go feat» деп жаза салдым. Ол маған «Go» деп жауап қайтарды. Осылай біздің дуэт шықты”, - деді Мирас Жүгінісов.
Наzима дуэтке бірден келісім бергенін айтты.
“Мирас – өте талантты әнші. Маған feat туралы ұсыныс айтқан кезде мен алдымен тембр тұрғысынан үйлесіміміз туралы ойладым. Мен оның әндерін сүйіп тыңдаймын, сондықтан бірден келісімімді бердім. Өте әдемі, романтикалық дуэт болатынына сендім”, - деді әнші.
Сондай-ақ Black Star лейбілінің жұлдызы Ninety One тобымен дуэт жазғысы келетінін жеткізді.