Sunday, 19 May,2024

"Не бәле мынау?" Интернетте үш аяқты жыланның бейнежазбасы жұртты шошытты

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Интернетте үш аяқты жыланның бейнежазбасы тарады. Жұрт бұл көрініске жағасын ұстап отыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Видеода ер адамның кішкентай баласына сөйлеп отырғанын байқайсыз. Ал еденде шұбатылып жылан жатыр.

Бір ерекшелігі бұл жыланның үш аяғы бар.

Желідегі жұрт аталмыш бейнежазбаға түрлі пікір қалдыруда. Бірі әлгі авторға бай боласың деген ырым барын есіне салса, енді өзгелері аң-таң.

"Жыланның аяғын көрсеңдер бай боласыңдар". "Не бәле мынау өзі, е жылан емес, е кесіртке емес". "Жылан мен кесірткенің будандасқан түрі ма деймін"."Сонша надан емес шығарсыңдар, кесіртке бұл", - деген ойларын жазуда жұрт.

Ұсынылатын